Басты бет Бізбен байланыс Байланыс ақпараты Сайт картасы Бетті мәрелік ету Таңдаулыға қосу
# #
Қатысу статистикасы
Бүгін 22
Осы айда 624
Барлығы 126492

МемТізілім туралы

Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімін (МемТізілім) құру тұжырымдамасы барлық мүліктердің (жылжымайтын мүлік, құрал-жабдықтар, көлік, ақша қаражаты, бағалы қағаздар, технология және басқалар) заңды тұлғалардың теңгеріміне бекітілетіндігіне негізделеді. Осылайша, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды есепке алуды ұйымдастыра отырып мемлекет осы мүліктің бар болуын және пайдаланылуын бақылау мүмкіндігін алады.

«МемТізілім» мамандандырылған бағдарламалық кешені мынадай ақпараттар ауқымын қамтиды:
- Есепке алу объектілері;
- Есепке алу объектілерін сату;
- Есепке алу объектілерін басқару;
- Есепке алу объектілерінің кепілдігі.

Есепке алу объектісі бір бөлігі тұрақты болып табылатын және сирек өзгеретін, ал басқа бөлігі Объектінің қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты тұрақты өзгеретін көрсеткіштермен сипатталады. Объектінің негізгі көрсеткіштерінің өлшемдері болып мыналар табылады:

- Тұрақтылық,
- Сәйкестендіру белгілеріне ие,
- Есепке алу үшін принциптілік мағынаға ие.

«Есепке алу» ақпараттық ауқымы есепке алу ақпаратын қамтиды және Есепке алу объектілерінің тізілімін, олардың сәйкестендірілуін жүргізу үшін, сондай-ақ Есепке алу объектілерінің негізгі көрсеткіштерін жүргізу үшін арналған.

«Объектілерді сату», «Объектілерді басқару», «Объектілер кепілдігі» ақпараттық ауқымы акциялардың мемлекеттік пакеттерімен мәмілелерді АҚ-тарға және мемлекеттік қатысу үлестерімен мәмілелерді ЖШС-тарға тіркеу үшін арналған.

«Объектілерді сату» ақпараттық ауқымы Есепке алу объектілерінің толық немесе ішінара жекешелендірілуінің есебін жүргізу үшін, сондай-ақ Есепке алу объектілерін сатудың жасалған шарттары бойынша төлемдердің түсімін есепке алуды жүргізу үшін арналған.

«Объектілер кепілдігі» ақпараттық ауқымы оларды үшінші тұлғалар кепілдігіне беру арқылы Есепке алу объектілерінің ауыртпалықтарын есепке алуды жүргізу үшін арналған.

#
Copyright © 1993 - 2009 АҚ “Ақпараттық-есептеу орталығы”
Басты бет Бізбен байланыс Байланыс ақпараты Сайт картасы Бетті мәрелік ету Таңдаулыға қосу