EТБЖ - ЕСЕПТІЛІКТІ ТАПСЫРУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ
«Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі (ЕТБЖ)» бағдарламалық қамтамасыз етуі компанияның электрондық сандық қол таңбасы қол қойылған, бағдарламада шаблондар түрінде ұсынылған және оларды электрондық форматта беру, компаниялардың алуан түрлі есептіліктерін дайындау үшін тағайындалған. Бұл ретте компаниялар ЕТБЖ-нен өздері дайындаған есептіліктерін мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығаруға болады, ал ЕТБЖ-не енгізілген есептіліктер нысандарын (шаблондарын) жаңарту немесе жаңа шаблондарды қосу Интернет желісі арқылы автоматтық тәртібінде жүзеге асырылады.
Есептілікті ұсыну кестесі
ЕТБЖ бағдарламасымен жұмыс жасау жөніндегі видеонұсқаулықтар
ЕТБЖ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ
"ECCO" бағдарламасын орнату үшін пайдаланушының компьютеріне алдын ала тізбектелген келесі бағдарламалар орнатылуы тиіс:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сізде Windows Vista, Windows 7 немесе одан жоғары операциялық жүйе болса, a)-c) компоненттерін көшіріп алу мен орнату ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ.
a) Windows Installer (көшіру , файл көлемі: 2,52 МБ);
b) Microsoft .NET Framework 2.0 (көшіру, файл көлемі: 22,96 МБ).
c) Microsoft .NET Framework 2.0 орыс тіліне аудармасы (көшіру, файл көлемі: 1,84 МБ).
ЕССО бағдарламасы - ЕСЕПТІЛІКТІ ТАПСЫРУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ
Архивті (ECCO.zip). Файл көлемі (4,18 МБ)
ЕТБЖ ҚАЛЫП НҰСҚАУЛАРЫ
Қалып нұсқауларын (шаблон) бағдарламаның өзінен жаңартуға мүмкіндігі жоқ пайдаланушылар, бағдарлама орнатылған компьютерде Интернет желісіне шығуы жоқ немесе жаңартуларды көшіру кезінде қиындықтар пайда болса, соңғы жаңартулар жинағын баспаланған қалып нұсқаулар (шаблон) бөлімінен көшіре алады.

ПАЙДАЛАНУШЫҒА КӨМЕК
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату мен пайдалану, сонымен қатар есеп беру нұсқауларын (422, 302, 441 және т.б.) толтыру барысындағы пайда болатын сұрақтарыңызды біздің форумға жазуыңызға болады.