Қаз
Рус
«Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі (ЕТБЖ)» бағдарламалық қамтамасыз етуі компанияның электрондық сандық қол таңбасы қол қойылған, бағдарламада шаблондар түрінде ұсынылған және оларды электрондық форматта беру, компаниялардың алуан түрлі есептіліктерін дайындау үшін тағайындалған. Бұл ретте компаниялар ЕТБЖ-нен өздері дайындаған есептіліктерін мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығаруға болады, ал ЕТБЖ-не енгізілген есептіліктер нысандарын (шаблондарын) жаңарту немесе жаңа шаблондарды қосу Интернет желісі арқылы автоматтық тәртібінде жүзеге асырылады.
Осылайша, есептілікті тапсыру кезінде ЕТБЖ-ін пайдалану толығымен қағазды құжат айналымын алып тастайды және сервер есептілікті тәулік бойы, демалыс және мереке күндерсіз қабылдағандықтан, компанияларға оны кез келген уақытта ұсыну мүмкіндігін береді.
"ECCO" бағдарламасын орнату үшін пайдаланушының компьютеріне алдын ала тізбектелген келесі бағдарламалар орнатылуы тиіс:
a) Windows Installer (көшіру, файл көлемі: 2,52 МБ);
b) Microsoft .NET Framework 2.0 (көшіру, файл көлемі: 22,96 МБ).
c) Microsoft .NET Framework 2.0 орыс тіліне аудармасы (көшіру, файл көлемі: 1,84 МБ).

ЕССО бағдарламасы - ЕСЕПТІЛІКТІ ТАПСЫРУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ
Архивті (ECCO.zip). Файл көлемі (4,18 МБ)
Қалып нұсқауларын (шаблон) бағдарламаның өзінен жаңартуға мүмкіндігі жоқ пайдаланушылар, бағдарлама орнатылған компьютерде Интернет желісіне шығуы жоқ немесе жаңартуларды көшіру кезінде қиындықтар пайда болса, соңғы жаңартулар жинағын баспаланған қалып нұсқаулар (шаблон) бөлімінен көшіре алады.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату мен пайдалану, сонымен қатар есеп беру нұсқауларын (422, 302, 441 және т.б.) толтыру барысындағы пайда болатын сұрақтарыңызды біздің форумға жазуыңызға болады.
Электрондық цифрлі қолтаңбамен файлдарға қол қоюға бағдарламалық қамтамасыз ету.
«Signer» бағдарламасын көшіру (файл көлемі: 1,4 МБ)
Аса қажет жағдайда Мурзахметов Сергейге (тел. 8(7172) 32-03-74, ішкі 113) немесе «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның өңірлік бөлімшелеріне хабарласуға болады.
Әзірлеуші © 1993 - 2012 «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ