МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІ
E-QAZYNA.KZ DP4ALL
АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ
Ақпараттық жүйелер және электрондық ақпараттық ресурстар
Әзірлеушілер үшін бөлім
СТАТИСТИКА
(Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері бойынша)

Мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері бойынша статистика

Қазақстан Республикасы Үкіметінің2011 жылғы 15 шілдедегі №802 қаулысына жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай оператор болып анықталды, ол «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 9-тармағына сәйкес:
1) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамтылуды әзірлеу, енгізу және жаңғырту жөніндегі жобаны басқаруды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің техникалық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының жұмыс істеуін және сүйемелдеуін қамтамасыз етеді;
4) ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңызаңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік мүлік тізілімі пайдаланушыларына электрондық қызметтер көрсетеді;
5) мемлекеттік мүлік тізілімі пайдаланушыларына Мемлекеттік мүлік тізілімі деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік органдарға кеңестік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
7) мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүзеге асыру кезінде техникалық жобаларды басқару функцияларын жүзеге асырады;
8) есепке алу объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
9) мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін немесе оларға қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асырады;
9-1) уәкілетті органның лицензиясыз электрондық нысанда мемлекеттік мүлік тізілімівеб-порталын пайдалана отырып, сауда-саттықты жүргізуге байланысты операцияларға қызмет көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемдері мен аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
10) бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін тиісті пайдалану жағдайында ұстайды;
11) бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару және пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекеше әріптестерге берілген мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері активтерінің мониторингі бойынша функцияларды жүзеге асырады;
12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің оған сенімгерлік басқаруға берілген активтері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне мәліметтер енгізеді.