МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ КОМИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІ

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

2019 жылғы 10 қаңтардағы № 18

бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталын қолдану құқықтары туралы үлгілік пайдаланушылық келісім

1-бап. Келісімнің пәні

Осы Пайдаланушылық келісім (бұдан әрі - Келісім) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 маусымдағы № 802 қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу бойынша бірыңғай оператор болып айқындалған, жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысуымен «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) мен мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталын Пайдаланушысы (бұдан әрі - Пайдаланушы) арасындағы өзара қарым-қатынасын реттеу үшін арналған.

Пайдаланушы мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі - Портал) тіркелген және Порталдың және/немесе Оператордың қызметтерін пайдаланатын, кез келген жеке немесе заңды тұлға болып табылады.

Осы Келісім көпшілік офертасы болып табылады. Порталдың материалдарына және оның құрамдасына қол жеткізуді ала отырып, Пайдаланушы осы Келісімнің барлық талаптарын қабылдаған және қосылған деп саналады.

2-бап. Жалпы ережелер

2.1. Портал Оператордың ақпараттық және интерактивтік қызметтерін, атап айтқанда мемлекеттік мүлік тізілімі орай қызметтерін алу үшін қол жеткізудің бірыңғай нүктесі болып табылады.

2.2. Порталда тіркелу және оны пайдалану, Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарын қабылдау мен ұстану кезінде жүзеге асырылады. Осы Порталға кіре отырып және қызметтерін пайдалана отырып, Пайдаланушы осы Келісімнің талаптары мен ережелерімен де келіседі. Порталда тіркелу тегін және ерікті болып табылады.

2.3. Егер Порталға Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс қол жеткізілсе, сондай-ақ егер Порталдың ашылуына алып келетін, сілтемесі бойынша қол жеткізілсе, онда осы жағдайда да Келісімнің талаптары қолданылады. Порталға әкімшілік ету, соның ішінде ақпаратты Порталда орналастыру мен онымен алмасуға уәкілетті Оператормен жүзеге асырылады.

2.4. Оператор осы Келісімді қандай да бір арнайы хабарламасын өзгерте алады.

2.5. Пайдаланушы енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайында, ол Портал мен оның құрамдасына қол жеткізуден бас тартуға және Порталдың материалдары мен қызметтерін және оның құрамдасын қолдануын тоқтатуға міндетті.

2.6. Пайдаланушы осы Келісімге қол қоя отырып, кредиттік бюродан несиелік есепті, сонымен қатар оның жеке деректерін және Пайдаланушы Порталға берген басқа да ақпаратын жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіріп алу мен қолдану үшін жазбаша келісімін береді.

3-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Оператордың:

3.1.1. Пайдаланушы енгізген деректердің дұрыстығын қажеттілік кезінде тексеруге, соның ішінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға жүгіну арқылы;

3.1.2. Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарын бұзған жағдайында, Пайдаланушыны тіркеуден бас тартуға, Пайдаланушының есепке алу жазбасын алып тастауға немесе блок қоюға;

3.1.3. SMS–хабарламалар мен PUSH–хабарландырулар пішіміндегі ақпараттық сипаттағы хабарландыруын Пайдаланушыға жолдауға құқығы бар.

3.2. Пайдаланушы Порталды қолдану бөлігінде, Оператордан консультациялық және практикалық көмекті алуға құқығы бар.

3.3. Оператор Портал мен оның құрамдасы жұмыс жасауы қамтамасыз етуге міндетті.

3.4. Пайдаланушының:

3.4.1. Портал мен оның құрамдасының қызметтерін алу үшін:

1) ЖСН (жеке тұлғалар үшін) немесе БСН (заңды тұлғалар үшін) болуы;

2) тіркелу кезінде, соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығымен берілген, қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болуы;

3) тіркелу процедурасынан өтуі міндетті.

3.4.2. Порталды немесе оның құрамдасын қолдану кезінде тіркелу нысанында ұсынылған, тармақтар бойынша нақты және толық ақпаратты Операторға ұсыну.

3.4.3. Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқық, соның ішінде зияткерлік меншік, авторлық және/немесе сабақтас құқықтар саласында нормаларын бұзатын қаралуы мүмкін іс-қимылдар, сондай-ақ Портал мен оның құрамдасының қызметтері қалыпты жұмысын бұзатын немесе бұзуына әкелетін, кез келген іс-қимылдар жасамау.

3.4.4. Пайдаланушының Порталда және оның құрамдасында түсіндірмелер мен басқа да жазбаларының, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен жалпыға бірдей қабылданған мораль мен инабаттылық нормаларына қарама-қайшылыққа жол бермеу.

3.4.5. Порталмен жұмыс жасау кезінде, өзін басқа адам үшін бермеу, вирустар немесе басқа зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуін қамтыған материалдарын пайдаланбау, ақпарат тасымалдағыштарға қолжетімділік құпиясөздерді жазбау, алынған қолжетімділік идентификаторларын үшінші тұлғаларға бермеу, өзінің ЭЦҚ қолдану.

3.4.6. Порталды және Порталдан алынған ақпаратты терроризм, экстремизм, ұлтаралық араздығын қоздыру мақсатында және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған мақсатында пайдаланбау.

4-бап. Тараптардың жауапкершілігі

4.1. Келісімнің барлық тараптарына немесе біреуіне зиян келтірген, осы Келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

4.2. Оператор Порталға және оның құрамдасына қызмет көрсету бойынша жоспарланған немесе жоспарланбаған іс-шараларын өткізу кезінде немесе Оператордан тыс себептер бойынша пайда болған, Портал мен оның құрамдасы жұмыс жасауында техникалық уақытша іркілістер мен үзілістер үшін жауапты болмайды.

4.3. Оператор байланыс желілері жұмысындағы уақытша іркілістер мен үзілістер, басқа да ұқсас іркілістер үшін, сондай-ақ Пайдаланушының Порталға және оның құрамдасына қол жеткізген компьютердің, мобильдік байланыс құрылғысының ақаулары үшін жауапта болмайды.

4.4. Оператор басқа Пайдаланушылардың және кез келген басқа Порталға және оның құрамдасына қатысушылардың іс-қимылы үшін Пайдаланушының алдында жауапты болмайды.

4.5. Оператор жоғалған пайданы, қолданудан залалды, деректерді жоғалтуды немесе қандай да бір басқа материалдық емес шығындарын, бедел залалын және:

1) Пайдаланушылар Порталды және оның құрамдасын қолдану немесе қолдана алмау мүмкіндігі;

2) Оператордың Келісімнің талаптарын өзгерту салдарынан пайда болған, басқа да залалын қоса алғанда, кез келген тікелей, жанама залал үшін жауапты болмайды.

4.6. Пайдаланушы Порталда және оның құрамдасында тіркелу кезінде ұсынған деректердің дұрыстығы үшін, сондай-ақ Порталды қолдану үдерісінде уақтылы деректерді жаңарту мен түзету үшін толық жауапты болады.

4.7. Пайдаланушы өзі туралы дұрыс емес мәліметтерін ұсыну қорытындысынан пайда болған, сондай-ақ Порталда және оның құрамдасында тіркелумен, және оның құрамдасын қолданумен байланысты, жеке деректері мен ЭЦҚ үшінші тұлғаларға беру үшін өзіне барлық тәуекелдер мен мүмкін болатын залалын қабылдайды.

5-бап. Порталдың құқықтары мен міндеттері

5.1. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларын қоспағанда, Пайдаланушы (жеке деректері) туралы ақпаратты таратпауға міндеттенеді.

5.2. Портал және/немесе Оператор ақылы негізде басқа келісімдермен реттелетін, қосалқы қызметтерін Пайдаланушыға көрсету құқығын өзіне қалдырады.

Мен ережелермен және талаптармен таныстым және оларды осы түрінде қабылдаймын.

Өтініш берушінің ЭЦҚ-ның деректері;

Өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.